«Еңбек жолы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықтады

«Еңбек жолы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықтады
Жамбыл облысында «Еңбек жолы» республикалық байқауының облыстық кезеңі бойынша комиссия отырысы өтіп, үздіктер іріктелді.
 
Байқаудың мақсаты – еңбек адамының беделін арттыру, еңбек дәстүрлерін дәріптеу және өндіріс саласындағы кәсіби шеберлер мен олардың отбасыларын қолдау.
 
Аталған байқау үш негізгі номинация бойынша өткізілді:
 
1. «Үздік еңбек әулеті»
2. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»
3. «Өндірістің үздік жас маманы»
 
Комиссия шешімімен әр номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, республикалық кезеңге жолдама алды.
 
  • «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша Тараз қаласынан шыққан Ариповтар әулеті үздік деп танылды. Әулет мүшелері бірнеше буын бойы еңбек жолын абыроймен атқарып, өнегелі еңбек дәстүрін жалғастырып келеді.
  • «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» аталымында Тараз қаласының тұрғыны Ибраева Үлмекен жеңімпаз атанды. Ол өз ісіне адал, жас мамандарға жол көрсетіп, кәсіби тәжірибесімен бөлісіп жүрген жан.
  • «Өндірістің үздік жас маманы» атағына Тараз қаласының тұрғыны Тұрысжан Еркебұлан лайық деп танылды. Ол еңбекқорлығы мен жаңашыл көзқарасы арқылы жұмыс орнында жоғары нәтижелерге жетіп отыр.
Жеңімпаздар енді Жамбыл облысының намысын республикалық деңгейде қорғайтын болады.
 
Анықтама үшін:
 
«Еңбек жолы» байқауы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылады. Жыл сайын өткізіліп келе жатқан бұл байқау ел ішіндегі еңбек адамдарын ынталандыру мен кәсіби шеберлікті насихаттауға бағытталған.