Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында (Тараз қаласы, Қарахан көшесі, №1 үй, 4-қабат, 40-бөлме) 2025 жылдың 4 маусымында сағат 12.00-де болатын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысында келесі компаниялардың құжаттары қаралатын болады:
- Қазақстандағы «Қытай механикаландырылған индустриалды-құрылыс тобы» (Синоконст ) жауапкершілігі шектеулі қоғамының филиалы.
- «Корцем» ЖШС-і.
- «China CAMC Engineering Co.,Ltd (OAO «Китайская корпорация инжиниринга CAMC»)» компаниясының Қазақстан Республикасындағы филиалы.
- Қытай Тяньчэнь Инжинирингтік корпорациясының Қазақстан Республикасындағы филиалы.
- 5. China National Chemical Engineering Co., Ltd. (Чайна Нэйшенл Кемикал Инжиниринг КО., ЛТД.) Қазақстан Республикасындағы Филиалы.