7-мамыр Отан қорғаушылар күні аталып өтті

7-мамыр Отан қорғаушылар күні аталып өтті

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Іс-шараға аудан тұрғындары, қорғаныс саласында еңбек етіп жүрген азаматтар мен ардагерлер қатысты.

Салтанатты жиын барысында аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс білдірді. Сонымен қатар, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлері мен бірқатар сала мамандарына Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етілді.

Бұл — ерлік пен елдікке, Отанға адал қызмет еткен азаматтарға деген тағзым күні. Сарбаз болып сапқа тұрған, ел қорғаны болған азаматтарымыздың ерлігі мен қайсарлығы қашанда құрметке лайық.

Шара соңында жергілікті өнерпаздар патриоттық әндерден шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.