1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні ауданымызда кеңінен аталып өтті!
Аудан әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлы жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, татулық пен бірліктің маңызын атап өтті.
Іс-шара аясында түрлі ұлт өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарын дайындап, салт-дәстүрлерін паш етті. Қатысушылар мәдениеттердің сан алуандығына қанық болып, достық пен өзара түсіністіктің үлгісін көрсетті.
Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әсерлі концерт қойып, мерекенің сәнін арттырды. Бірлік пен татулықты ұлықтаған күн баршаға қуаныш сыйлады!