1-МАУСЫМ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

1-МАУСЫМ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Бала - өмірдің жалғасы, елдің болашағы. Әрбір баланың тәтті қылығы, тыныш ұйқысы, алаңсыз күлкісі маңызды.Бүгін өңіріімізде 1-маусым  Балаларды қорғау күні мерекесі аталып өтті.  Бұл балалар мерекесі ғана емес, сонымен қатар ол қоғамға баланың құқықтарын, денсаулығы мен әл-ауқатын қорғау қажеттілігін еске салады.Бұл мерекені балалар ғана емес, олардың ата-аналары да атап өтеді.

Аталған игі шараға аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков, аудандық мәслихат төрағасы Жасұлан Әбенов қатысты. Жылдағы дәстүр бойынша мереке отбасылық ортада, саябақтарда мерекеленді, басты алаңдарда, балалар орталықтарында тақырыптық іс-шаралар – балаларға арналған конкурстар, жарыстар, концерттер, ойындар өткізіліп,арнайы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, балғын бүлдіршіндерге балмұздақтар таратылды.