Өңірімізде 21-мамыр мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні атап өтілді

Өңірімізде 21-мамыр мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні атап өтілді

Мәдениет – халықтың  құнды қазынасы. Өнер – елдің байлығы мен  бетке ұстар айбыны. Өнер мен мәдениет – егіз ұғым.
2013 жылғы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 21-мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні деп бекітті. Бүгінгі аталған мерекені Қазақстанның барша өнер, мәдениет қызметкерлері атап өтті.
Осы күні аудан әкімінің орынбасары Найман Сұлтанбаев, аудандық мәслихат төрағасы Жасұлан Әбенов және "Amanat" партиясының төрағасы Болатхан Ниязбеков мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне жылы лебіздер мен алғыстар білдіріп, марапаттады. Өйткені рухани байлықты дамытуда және мәдени дәстүрлердің дамуы мен сақталуы ісіне қосқан мәдениет саласы қызметкерлерінің үлесі орасан зор.Бүгінде өңірімізде өнеріміздің көкжиегін кеңейтіп жүрген өнер адамдары көп.