Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 23 сәуірінде өткен Шу ауданында жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренингтің пресс-релизі

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 23 сәуірінде өткен Шу ауданында жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренингтің пресс-релизі

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесіне қатысушыларды оқыту ұйымдастыру жөніндегі 2024 жылға арналға шаралар кешені туралы» №104/806 қаулысымен бекітілген ҚР сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешені негізінде  2024 жылғы 23 сәуірде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Қазақстан Республикасында сайлау процесін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбы бойынша жаңадан сайланған 93 учаскелік сайлау комиссиялары мүшелеріне бір күндік семинар-тренинг өткізілді.

Семинарды Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов ашып, семинар-тренинг ҚР ОСК каскадты оқыту кешенінің алғашқы сатысы ретінде өткізіліп отырғандығын түсіндіріп, қатысушыларды күн тәртібімен және семинар-тренинг бағдарламасымен таныстырды. Семинарға Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссия мүшелері, Шу аудандық аумақтық сайлау комиссия мүшелері, аудандық прокуратура өкілдері, жергілікті атқарушы органның сайлау процесіне қатысты бас есепшілері, бұқаралық ақпарат құраларының өкілдері және жаңадан сайланған учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Алғашқы дәрісті «Сайлау құқығының принциптері және сайлау жүйелерінің негізгі аспектілері туралы» тақырыбында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сергали Өмірзақұлы Айдапкелов оқып, жан-жақты түсініктеме берді. Дәріскер сайлау жүйелерінің бүгінгі Қазақстан Республикасының дамуы бағытындағы міндеттері бағытындағы қойылған сұрақтарға толық мағлұмат берді.

Келесі сөз алған Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Әбілқайыр Асқарұлы Боранбаев «Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру, олардың мәртебесі және өкілеттіктері туралы» тақырыбы бойынша баяндап, «сайлау комиссияларының міндеттері, өкілеттіктері бағытында берілген сұрақтарына толыққанды жауаптар берді.

Сондай-ақ  Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары  Талғат Салқанұлы Жамалов, комиссия мүшелері Мейіржан Ермекбайұлы Сембеков, Еркін Серікұлы Жапаров, «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» РМК Жамбыл облысы бойынша өкілі Арын Илясұлы Асқарбеков сайлау процесін ұйымдастыру, оның ішінде сайлау алдындағы үгіт, құқықтық және теориялық білімдерін ғана емес, сонымен қатар практикалық сабақтар өткізді. Оқытылған тақырыптарды меңгеру мақсатында дискуссиялар мен дебаттар ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

«Кәсіби қарым-қатынаста тиімді коммуникацияларды құру әдістері. Стресс-менеджмент» тақырыбы бойынша «Тұлға» психологиялық кеңес беру және тренинг жүргізу орталығының төрайымы Зейнеп Абдимажитовна Дауренова дәріс беріп, тыңдаушыларды қызықтыра білді.

Ауданымыздағы №455 учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің ұйымдастырумен «Дауыс беру күні» іскерлік ойынын ұйымдастырды. Іскерлік ойын барысында Жамбыл ОСК төрағасының орынбасары  Талғат Салқанұлы Жамалов ситуациялық кейстер ұйымдастырып, қатысушылар тарапынан қызу талқыланды.

Семинар соңында тыңдаушыларды тестілеу сайлау заңнамасын, сайлау процесін ұйымдастырудың құқықтық негіздерін білу деңгейлерін анықтау мақсатында өткізіліп, қатысушылар сертификатталды.

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов оқыту семинары жұмысын қорытындылай келе комиссия мүшелеріне алдағы атқарылатын жұмыстар барысындағы міндеттеріне тоқталып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Оқыту семинарының бағдарламасы учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің қызметін ескере отырып әзірленген және сайлауды ұйымдастырушылардың жаңа құрамының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталды.

Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы