Шу қаласында орналасқан жаңа көшелерге атау бері мен саяси мән-мағынасы ескірген көшеге қайта атау беру туралы қала тұрғындары жиналысының ХАТТАМАСЫ

Шу қаласында орналасқан жаңа көшелерге атау бері мен   саяси мән-мағынасы    ескірген көшеге қайта атау беру   туралы қала тұрғындары жиналысының   ХАТТАМАСЫ

Шу қаласында орналасқан жаңа көшелерге атау бері мен 

саяси мән-мағынасы    ескірген көшеге қайта атау беру

 туралы қала тұрғындары жиналысының

 ХАТТАМАСЫ

 

Шу қаласы                                                                                      5.01.2023 жыл

 

Жиналыс төрағасы :   Ж.Нұрғалиев

Жиналыс хатшысы:  Г.Кокпанбаева

 

Жиналысқа қатысқандар: Шу қалалық  ардагерлер Кеңесінің  өкілдері мен Жергілікті қоғамдастық мүшелері және қала тұрғындары. Барлығы – 34 адам

 

                                        КҮН  ТӘРТІБІНДЕ:

           

  1. Шу қаласындағы саяси мән-мағынасы ескірген көшені қайта атау туралы

 

  Ж.Нұрғалиев - Шу қаласы әкімінің орынбасары.

- «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына   сәйкес,  аталған Заңды іске асыру мақсатында  әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды  қайта атау  тәртібін реттейтін «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды  қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының  транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысы  негізінде, қаламыздағы атауы жоқ көшелер атау беру мен қазіргі таңда  саяси мән-мағынасы ескірген кшелерді мен қайта атау қажет  екендігі баршаңызға белгілі. Сондықтан да  осы көшеге тонономикалық жер-су атаулары мен  дәстүрлі атауларды беру туралы ұсыныс түсіріп отыр. Көшеге  берілетін атаудың тізімі  өз қолдарыңызға берілген. Осы мәселе бойынша  тілектеріңізді білдірсеңіздер.

М.Бейсенбаев - Шу қалалық  ардагерлер Кеңесінің  төрағасы

-  Бүгінгі қала тұрғындарының  алдына қойылып отырған мәселені өте орынды деп есептеймін. Қаламыз жылдан жылғы көркейіп келеді. Жанадан көшелер салынуда. Оларға атау беруіміз керек. Сондай ақ, Кеңестік дәуірден келе жатқан, саяси жағынан мән-мағынасы  ескірген көшелеріміз   баршылық. Ол көшелердің атауын қайта атау жөнінде де уақыт келген тәрізді. Тарихи тұлғаларымен атауларына толықтай қосыламын.    

  С.Қалиев  – Шу қалалық  ардагерлер Кеңесінің   мүшесі.

-  Қойылып отырған мәселе өте орынды. Тізімде, Қазақтың аса көрнекті билерінің есімдері бар екен.  Бұл атауларды қолдаймын. Күйші, композитор, әйгілі ақындарымыздың есімдері қойылып жатыр екен.Сондықтан көшенің атауын  осы атаумен басқа да  топономикалық және дәстүрлі атаулармен   атауға қарсы емеспін.

 

 Г.Жалтаева– Карбышев көшесінің   тұрғыны.

Сұлтан Бейбарыс атауы – 1223—1277 жылдары аралығында дүниеге келген.  1223 жылы беріш руынан туған.  Мысырда билік құрған сұлтан. Қазақ жерінің осындай атауларын көшелерге берілсе оны шын жүректен қолдаймын.

З.Аумбаев –  Карбышев көшесінің тұрғыны

Көшеміздің жаңа атауы Сұлтан Бейбарыс  атауларын көшеге берілсе оны шын жүректен қолдаймын.

М.Курманова - Карбышев көшесінің тұрғыны.

Сұлтан Бейбарыс атауы – 1223—1277 жылдары аралығында дүниеге келген.  1223 жылы беріш руынан туған.  Мысырда билік құрған сұлтан. Яғни көшеміздің атауы Сұлтан Бейбарыс атауымен аталуына көше тұрғындары қарсы емес деген ойдамын. Қазақ жерінің осындай атауларын көшелерге берілсе оны шын жүректен қолдаймын.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138   «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды  қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының  транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасын бекіту туралы» қаулысы негізінде, қала тұрғындарының жалпы жиналысы    қаладағы саяси мән-мағынасы ескірген көшені  қайта атау  жөніндегі халықтың пікірін  ескере келе, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шу қаласындағы   саяси мән-мағынасы ескірген көше  қосымшада көрсетілген   тарихи тұлғамен  қайта атау ұйғарылды.
  2. Шу ауданы әкімінен осы ұйғарымды облыс әкімі жанындағы ономастикалық комиссияның қарауына енгізу сұралсын.

Осы ұйғарым бір ауыздан қабылдансын дегендеріңіздің қол көтерулеріңізді сұраймын.

Қабылданды. Дауыс бергендер саны – 34 адам

Қарсы жоқ

Қалыс жоқ

Бір ауыздан қабылданды

 

Жиналыс төрағасы                                             Ж.Аймамбет

 

Жиналыс хатшысы                                             Г.Кокпанбаева