АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы
зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері
2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша инвестициялық қызмет нәтижесінде
есептелген инвестициялық табыстың жалпы көлемі 01.01.2021ж. бастап 31.07.2021ж. дейінгі кезең
ішінде 821,5 млрд теңгеден асып түсті. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
сенімгерлікпен басқарушы ретінде 2021 жылдың басынан бері түсірген инвестициялық табысының
мөлшері 821, 40 млрд теңге болды.
Инвестициялық табыс құрылымы, сондай-ақ, зейнетақы активтерін Қазақстан
Республикасының Ұлтттық Банкі (ҚРҰБ) мен Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ)
инвестициялауы туралы толық ақпарат, инвестициялық қызметке 2021 жылдың 1 тамызындағы
жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде
орналастырылған.
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
2021 жылдың 1 тамызына Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сенімгерлік
басқаруындағы БЖЗҚ активтері 12 811,56 млрд теңгені құрады.
ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған 2021 жылға арналған бағыттар
шеңберінде (сенімгерлікпен басқарушы ретінде) инвестициялаудың негізгі бағыттары былайша
берілген:
- ҚР Қаржы министрлігі шығарған, ағымдағы құны 4 966,95 млрд теңгені (бүкіл портфельдің
38,77%) құрайтын ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары. Жыл басынан бері портфельдегі МБҚ үлесі
12% аса көлемге азайды.ҚР Қаржы министрлігінің теңгеге номиналданған МБҚ бойынша өтеуге
орташа алынған кірістілік жылына 9,1%, АҚШ долларында жылына 4,2% құрады.
- ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (ағымдағы құны 1 749,38 млрд теңге
Олардың портфельдегі үлесі – 13,65%). ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен
номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,8%, АҚШ
долларымен жылына 5,5%.
- шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары 1 193,86 млрд теңге болды. Олардың
портфельдегі үлесі – 9,32%. БЖЗҚ-ның ЗА портфеліндегі есепті күндегі шетелдік мемлекеттердің
МБҚ өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 0,2%.
- 1 069,10 млрд теңге (8,34%) сомасына ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары. ҚР
ЕДБ теңгеге номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге
жылына 10,0%.
- 1 239,35 млрд теңге (портфельдің 9,67%-ы) мөлшеріндегі сыртқы басқарудағы активтер. 2021
жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда өсім 51,78 %.
- ұлттық валютадағы инвестициялар – 68,2%, АҚШ долларында – 31,74%, Ресей рублінде және
басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,06%.
ҚРҰБ алған, жыл басынан бері есептелген инвестициялық табыстың құрылымы мынадай
сипатқа ие:
- бағалы қағаздар, оның ішінде орналастырылған салымдар және «кері РЕПО»
операциялары бойынша сыйақы түріндегі кірістер 517,44 млрд теңге;
- бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 48,65 млрд теңге;
- шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер 22,59 млрд теңге;
- сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер 104,95 млрд теңге;
- өзге де кірістер 127,77 млрд теңгені құрады.
БАҚ үшін байланыс: press@enpf.kz
Ресми сайт: www.enpf.kz
Facebook, Instagram: enpf.kz
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының
құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген
инвестициялық кіріс мөлшері 2021 жылдың басынан бастап 821,4 млрд теңге. 2021 жылдың басынан
бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің
кірістілігі инфляция 5,30% болған кезде 6,48% жетті.
Эмитенттер көрсетілген қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі
құрылымы мен инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында жарияланған.
Инвестициялық портфельді басқарушылар
Қазақстандық басқарушы компанияларға берілген қаражаттың жалпы көлемі шамамен 4,7
млрд теңге.
"Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 1 тамыздағы жағдай
бойынша 2,1 млрд теңгені құрады. Оларға Exchange Traded Funds (ETF) пайлары, олар – 45,98%,
ҚРҰБ ноттары (портфельдің 35,85%), ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ (18,1%). Портфельдің 54,02%
ұлттық валютада, 45,98%
Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының
құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2021 жылдың
15 наурызынан бастап 1 тамызына дейін есептелген инвестициялық табыс мөлшері 38,22 млн теңге
болды. Зейнетақы активтерінің табыстылығы – 4,13%.
«Jusan Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген
инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.
«Halyk Global Markets» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 1 тамызда
1,33 млрд теңгені құрады. Портфельдің құрылымында ҚРҰБ ноттары – 35,75%, шетелдік
эмитенттердің үлестік құралдары (19,39%), кері РЕПО операциялары 13,4% құрайды. Сондай-ақ
портфельге қазақстандық эмитенттердің корпоративтік облигациялары (9%), ҚР квазимемлекеттік
ұйымдарының облигациялары (7,46%), шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық
қолхаттары (7,42%), ЕДБ облигациялары (3,72%) сатып алынды. Ұлттық валютадағы
инвестициялар портфельдің 69,48%, ал АҚШ долларында – 30,52% құрады.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2021 жылдың 15 наурызынан 1 тамызына дейін
есептелген инвестициялық табыстың мөлшері 28,54 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің
табыстылығы – 2,96%.
«Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген
инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.
2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы
зейнетақы активтері 859,0 млн теңгені құрады. Олар пайларға (ETF индекстерге) – 29,41%,
борыштық құралдарға, атап айтсақ: ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына (14,79%),
ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына (9,33%), ХҚҰ облигацияларына (7,65%), ЕДБ
облигацияларына (6,51%) бөлінген. Кері РЕПО операциялары портфельдің 15,61%, акциялар мен
депозитарлық қолхаттар 6,98% құрайды. Шоттардағы ақша қаражаты – портфельдің 9,72%. Ұлттық
валютадағы құралдарға портфельдің 53,94%, АҚШ долларында – 46,06% инвестицияланған.
15.03.2021 жылдан бастап 31.07.2021 жылға дейінгі кезеңде есептелген инвестициялық табыс
мөлшері 16,55 млн теңге. Зейнетақы активтерінің табыстылығы 2,77% болды.
«BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген
инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.
2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік
басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 477,35 млн теңгені құрады. Олар ҚР ҚМ МБҚ-ға (94,8%),
БАҚ үшін байланыс: press@enpf.kz
Ресми сайт: www.enpf.kz
Facebook, Instagram: enpf.kz
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына (5,2%) инвестицияланды. Барлық
инвестициялар ұлттық валютада жүргізілді.
01.04.2021 жылдан бастап 31.07.2021 жылға дейінгі кезеңде есептелген инвестициялық
табыстың мөлшері 16,72 млн.теңге. Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық
құнының өзгеруі нәтижесінде зейнетақы активтерінің кірістілігі 3,99% құрады.
«Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген
инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері –
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы
Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару
тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін
Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін,
зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы
жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).