
Теміржолшылар күніне орай Шу электрмен жабдықтау дистанциясында салтанатты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік жиында ардагер теміржолшы Тұрсынбай Халық теміржол саласының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ел экономикасының дамуына, көлік қауіпсіздігі мен үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуге қосып келе жатқан зор еңбегін ерекше атап өтті. Марапаттарын табыстап, шапан жапты.
Іс-шара барысында өз міндетіне адалдық танытып, көп жылғы жемісті еңбегімен ерекшеленген бірқатар қызметкерлер марапатталып, оларға алғыс хаттар мен сый-құрмет көрсетілді.
Теміржол – жауапкершілік пен табандылықты талап ететін маңызды сала. Барша теміржолшыларға мықты денсаулық, отбастарына амандық, еңбектеріне толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!