
Құрметті әріптестер!
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Шу ауданы әкімдігі аппараты, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің аппараттарында, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 2026 жылғы 3 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілетін болады.
Осыған байланысты, ішкі талдауды сапалы әрі уақтылы жүргізу үшін қажетті құжаттарды дайындауды және жауапты қызметкерлердің қатысуын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.