Таразда айына орта есеппен 700 матрас шығаратын кәсіпорын жұмыс істейді

Таразда айына орта есеппен 700 матрас шығаратын кәсіпорын жұмыс істейді
Жамбыл облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша жергілікті атқарушы билік тарапынан үйлестіріліп жатқан ілкімді істер аз емес. Тиісінше өңірде бәсекеге қабілетті орта қалыптастыра алатын шағын кәсіпорындар өз жұмысын жолға қойып, жүздеген адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Сол кәсіпорынның бірі – «AVERO матрас фабрикасы».

Еңбек нарығында 2015 жылдан бері жұмыс істейтін компания басшысы Григорий Повстянконың айтуынша, кәсіпорын ай сайын орта есеппен 700 матрас шығаруға қауқарлы.

– Матрастар Тараз қаласы мен Жамбыл облысының барлық жиһаз дүкендерінде ұсынылған. Сондай-ақ Шымкент, Қарағанды және Қызылорда сынды қалаларда тұрақты тұтынушыларымыз бар. Сондай-ақ, компания қонақүйлермен және жатақханалармен ынтымақтастық орнатып,  Қызылорда және Түркістан облысындағы мұнай және металлургия өнеркәсібінің вахталық қалашықтарына матрацтарды жеткізуді жүзеге асырады. Біздің өнімнің басты артықшылығы – 30 жылға дейінгі кепілдігі бар, – дейді жамбылдық кәсіпкер.