
Құрметті Шу ауданының тұрғындары!
2026 жылғы 17-маусым күні сағат 11:00-де Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің Шу ауданының халқымен ашық кездесуі өтеді.
Кездесу барысында аудан тұрғындары өзекті мәселелерін тікелей жеткізіп, ұсыныс-пікірлерін білдіре алады. Облыс әкімі өз кезегінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлармен бөліседі.
📍 Өтетін орны: Шу аудандық мәдениет үйі
🗓 Өтетін күні: 17-маусым 2026 жыл
🕙 Басталу уақыты: 11:00
Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!