4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері салтанатты түрде Мемлекеттік Әнұранды орындады.
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның айбыны мен абыройын айшықтайтын, ел егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің басты нышандары. Олар халқымыздың бірлігі мен ынтымағын, отансүйгіштік рухын дәріптейді.
Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу, қадірлеу және насихаттау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!