Бүгін Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Салқанұлының төрағалығымен “Жас сайлаушылылар” клубының жұмыстары және алдағы атқарылатын іс-шаралар шеңберінде ZOOM платфоомасы арқылы бейне конференциясы өтті.
Аталған шарада облыстық Қордай, Сарысу аудандық “Жас сайлаушылар” клубтарының жұмыстары тыңдалды. Сондай-ақ Жамбыл облыстық “Жас сайлаушылар” клубының төрағасы Айбек Амансейтұлы Қызылорда қаласында өткен Республикалық жас сайлаушылар форумында алған тәжірибесімен бөлісіп, алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталып бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Бейне конференция соңында Талғат Салқанұлы “Жас сайлаушылар” клубының жұмыстарын жандандыру және әлеуметтік желілердегі белсенділігі бойынша бірқатар тапсырмалар берді.