Маңғыстау аумағындағы ежелгі Қарақабақ қалашығы шамамен екі мың жылдық тарихқа ие

Маңғыстау аумағындағы ежелгі Қарақабақ қалашығы шамамен екі мың жылдық тарихқа ие

Маңғыстау аумағындағы ежелгі Қарақабақ қалашығы шамамен екі мың жылдық тарихқа ие. Ғалымдар бұл жерді ежелде өңірдегі маңызды сауда және қолөнер орталықтарының бірі болған деп есептейді.

Зерттеу барысында археологтар тиындар, мөрлер, қыш бұйымдар және басқа да көне жәдігерлер тапқан. Бұл олжалар қазіргі Маңғыстау арқылы халықаралық ірі сауда жолдары өткенін көрсетеді.

— Археологтардың айтуынша, қалашық Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағына кіріп, Каспий маңы елдерін өзара байланыстырған.

📌 Рим, Қытай және Парсымен байланыс

Ең қызығы, Қарақабақтан ежелгі айлақтың, шеберханалардың және теңіз саудасының іздері анықталған. Зерттеушілердің мәліметінше, табылған артефактар өңірдің Византия империясы, Парсы патшалығы, Үндістан, Рим империясы және Қытай елдерімен байланыста болғанын дәлелдейді. Бұл Маңғыстау жерінде біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларында-ақ қала мәдениеті мен экономиканың жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді.

Қазір жергілікті билік Қарақабақ аумағында ашық аспан астындағы музей, ғылыми-археологиялық база ашып, туристік бағыттар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.