Шоқпар ауылдық округінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатымен аталып өтті

Шоқпар ауылдық округінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатымен аталып өтті

Шоқпар ауылдық округінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатымен аталып өтті. Биылғы мерекенің мәні бұрынғыдан да тереңдей түсті. Себебі, кезінде осы ауылда өмір сүрген, бүгінде Германия мен Ресей елдерінде тұратын өзге ұлт өкілдері арнайы келіп, айтулы күннің құрметті қонақтары болды.

Қонақтар ауыл тұрғындарының кең пейілділігі мен дархан қонақжайлығына тәнті болып, ұлттық дәстүрлерді қызыға тамашалады. Ақ дастарханнан дәм татып, қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүріне деген құрметтерін ерекше ықыласпен жеткізді. Мереке барысында олар жүрекжарды тілектерін білдіріп, ауыл халқына шынайы алғыстарын айтты.

Бұл кездесу – туған жерге деген сағыныштың, өткенге деген құрметтің және ұлттар арасындағы достықтың жарқын көрінісі. Осындай тағылымды сәттер Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің, көпұлтты қоғамдағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың нақты дәлелі екені сөзсіз.

Наурыз мейрамы тағы бір мәрте адамдарды жақындастырып, жүректерді біріктіретін ұлық мереке екенін айқын көрсетті.