Жаңа конституция - еңбек адамын қолдауға бағытталған қадам

Жаңа конституция - еңбек адамын қолдауға бағытталған қадам

Қызылорда қаласында өңірлік коалиция өкілдері «Абзал и К» компаниясының қызметкерлерімен кездесті. Онда компания ұжымына жаңа Конституция жобасының мән-маңызын түсіндіріп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Кездесу барысында аумақтық коалиция жетекшісінің орынбасары Гүлшат Мұсаева жаңа Конституция жобасында отбасы құндылықтарына ерекше назар аударылғанын атап өтті.

«Отбасы – қоғамның іргетасы. Ата заң жобасында мемлекет неке мен отбасы институтын қорғауға, ата-ана мен баланың құқықтарын сақтауға ерекше көңіл бөледі. Сонымен қатар, бала тәрбиесі мен отбасы жауапкершілігіне қатысты нормалар нақтыланып, қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды нығайтуға бағытталып отыр. Бұл – ел болашағы үшін маңызды қадам», – деді Гүлшат Мұсаева.

Ал коалиция мүшесі Дәурен Сейтжанов жаңа Конституция жобасында кәсіпкерлік пен әлеуметтік саланы дамытуға қатысты бірқатар маңызды өзгеріске тоқталды. Оның айтуынша жаңа Конституцияда мемлекет кәсіпкерлік бастамаларды қолдап, экономикалық еркіндікті дамытуға жағдай жасауға міндетті екені айқын көрсетілген.