
🔹 Ғ.Мұратбаев атындағы мектепте Жаңа Конституция жобасы талқыланды 🔹
Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп ұжымымен Жаңа Конституция жобасы аясында кездесу өтті.
Жиын барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістердің маңыздылығы кеңінен түсіндіріліп, қоғам мен білім саласына қатысты өзекті бағыттар сөз болды. Ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, мазмұнды диалогқа ұласты.