
🔹 Жаңақоғам ауылында Жаңа Конституция жобасы талқыланды 🔹
Аудан әкімі Бақытжан Оразалыұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Жасұлан Әлкенұлы Жаңа Конституция жобасы аясында Жаңақоғам ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Жаңа Конституцияның негізгі бағыттары түсіндіріліп, ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелер бойынша ашық пікір алмасу өтіп, қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Көтерілген мәселелер назарға алынып, оларды кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылатыны айтылды.