Жаңа Конституция жобасы жалпыұлттық дауыс беруге шығаруға дайын – саясаттанушы Марат Шибутов

Жаңа Конституция жобасы жалпыұлттық дауыс беруге шығаруға дайын – саясаттанушы Марат Шибутов

Саясаттанушы Марат Шибутов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына ұсынылған әрбір тұжырым Конституциялық комиссия аясында жан-жақты талқылаудан өтіп, ашық қоғамдық бағалаумен қатар жүргенін атап өтті.

✍️Оның айтуынша, кең ауқымды ақпараттық түсіндіру жұмыстарының арқасында азаматтар жаңа Конституцияның негізгі жаңалықтарын жалпы түсініп үлгерді.

– Нәтижесінде, қазіргі кезеңде біз түрлі саладағы сарапшылардың әрқилы көзқарастары, тәжірибесі мен дүниетанымының тоғысынан туған, бірлескен еңбектің жемісі болып табылатын жобаға ие болып отырмыз. Сондықтан Негізгі заң жобасы бүкілхалықтық дауыс беруге шығаруға дайын деп есептеймін, – деп түйіндеді Марат Шибутов.