
🔹 Жаңа Конституция жобасы аясында М. Мақатаев атындағы мектептің қызметкерлерімен кездесу өтті 🔹
Аудан әкімі Бақытжан Оразалыұлы және аудандық мәслихат төрағасы Жасұлан Әлкенұлы Жаңа Конституция жобасы аясында М. Мақатаев атындағы мектептің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, білім саласына қатысты өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп ұжымы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер айтылды.