Жастармен мазмұнды кездесу
Оқушылар сарайында аудан әкімі Бақытжан Оразалыұлы және аудандық мәслихат төрағасы Жасұлан Әлкенұлының қатысуымен аудандық және қалалық жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында Жаңа Заң жобасы таныстырылып, жастар саясатын дамыту, ресурстық орталықтардың жұмысы және алдағы жоспарлар талқыланды. Сондай-ақ, сала мамандарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер бойынша ашық диалог өрбіді.