ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ

Конституцияның жаңа мәтіні қалай дайындалды?

Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа мәтіні кең ауқымды талқылау мен жан-жақты сараптаудың нәтижесінде әзірленді. Бұл үдеріс ашықтық, қоғамдық қатысу және жауапкершілік қағидаттарына негізделді.

Конституциялық комиссия ұсынған түзетулер, жаңа нормалар мен өзге де өзгерістер жарты жылға жуық уақыт бойы жан-жақты пысықталды. Әрбір ұсыныс құқықтық, әлеуметтік және қоғамдық тұрғыдан мұқият қаралды.

Ата Заңды жаңарту барысында e-Gov және e-Otinish платформалары арқылы ел азаматтарынан, сарапшылардан, қоғам белсенділерінен және түрлі ұйымдардан көптеген ұсыныстар мен бастамалар келіп түсті. Бұл — Конституциялық реформаның халықпен бірлесіп дайындалғанын көрсететін маңызды көрсеткіш.

Жұртшылықтан Конституцияның құрылымы мен мазмұнына қатысты 2 мыңнан астам ұсыныс қабылданды. Олардың бірқатары жаңа редакцияда ескеріліп, құжаттың сапасын арттыруға ықпал етті.

Нәтижесінде, кең қоғамдық талқылау мен сараптамалық жұмыстың қорытындысы ретінде Конституцияның жаңа мәтінінің алғашқы нұсқасы дайындалды. Бұл – қоғамның сұранысын ескерген, болашаққа бағытталған маңызды құжат.