Ауданымызда көпжылдық дәстүрге сай аудан әкімінің бүлдіршіндерге арналған «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!» атты Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.
Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков қатысып, жас өрендерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Өз құттықтауында балаларға шаттыққа толы балалық шақ, мықты денсаулық пен жарқын болашақ тілеп, Жаңа жылдың әр шаңыраққа бақ-береке мен молшылық әкелуін тіледі. Сондай-ақ, бүлдіршіндерге тәтті толы сыйлықтар табысталды.
Мерекелік кеш барысында Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алған балалар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, тақпақтарын мәнерлеп оқыды.
Сонымен қатар, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен сахналанған қойылымдар балаларға ерекше қуаныш сыйлап, мерекелік көңіл күйді одан әрі арттыра түсті.
Аталған мереке балалардың жүрегінде жарқын естелік қалдырған тағылымды әрі әсерлі шара болды.
Іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Жасұлан Әбенов, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Болатхан Кемелбаев, білім бөлімінің басшысы Жайдар Саттарқұлұлы қатысты. Мерекеге барлығы 125 оқушы қамтылды.