
Шу қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Төле би атындағы орта мектебінің жастарымен “ Заң және тәртіп “ қағидаты аясында “Менің азаматтық құқықтарым мен міндеттерім” тақырыбында кездесу өткізілді. Аталған іс – шараға Шу АПБ ЖПҚБ ЮПТ ЖҰЖ аға инспекторы полиция аға лейтенанты Н.А.Қыздарбеков қатысты.
Кездесудің мақсаты: жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтары мен міндеттерін таныстыру, заңды құрметтеуге шақыру, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен таныстыру болып табылады.