Аудан әкімінің кубогына арналған ауданаралық волейбол турнирі өтті

Аудан әкімінің кубогына арналған ауданаралық волейбол турнирі өтті

Бүгін ауданымызда волейболдан дәстүрлі ауданаралық турнир өтіп, жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлы, аудандық волейбол федерациясының президенті Ержан Көрікбайұлы, сондай-ақ ардагер волейболшы Амантай Омаров сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, спорттың дамуына үлес қосып келе жатқан барлық жастар мен жаттықтырушыларға өз алғыстарын білдірді.

Жалпы турнирге 12 команда қатысып, тартысты бәсекеде келесі нәтижелер анықталды:

🥉 3-орын – Бірлікүстем командасы
🥈 2-орын – М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебі
🥇 1-орын – 40-мектеп лицейі

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! 🏐
Жергілікті спорттың дамуына үлес қосып жүрген барша жанкүйерлер мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. Спорт әрқашан бірлікке, жігерге және биік мақсаттарға жетелейді!