Шу қаласы 02.12.2025 ж.
Жиналыс төрағасы: Е.Нуралиев- қала әкімі
Жиналыс хатшысы: Г.Кокпанбаева- қала әкімі аппаратының бас маманы
Жиналысқа қатысқандар:
Күн тәртібінде:
Шу ауданы Шу қаласындағы атауы қайталанатын Құрманғазы көшесін Рахат Амантаев көшесі деп қайта атау туралы.
Тыңдалды: Е.Нуралиев- қала әкімі: Жалпы бүгінгі жиналысымызға Құрманғазы көшесінен 25 тұрғыны қатысып отыр. Шу қаласы әкімдігіне көше тұрғындарынан түскен ұсыныста Құрманғазы көшесін Рахат Амантаев көшесі деп қайта атау қажеттігін айтылған болатын. Осыған орай, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық қаулысын құрылысы туралы» Заңының 14-1 бабы 1 тармағын және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы «Әкімшілік – аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерту қағидаларын бекіту туралы» № 211 бұйрығын басшылыққа ала отырып, өздеріңізден түскен ұсыныс бойынша халықтың пікірін ескеруге жиналып отырмыз. Өз ой-пікірлеріңізді ортаға салуды сұраймын.
Анықтама үшін (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы 19-бап Топонимикалық атауларды пайдалану тәртібі, Әкімшілік – аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақ басқа да физикалық- географикалық объектілердің дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары мемлекеттік тілде жазылады.)
Сөйлеген: Г.Сауранбаева - қала тұрғыны: Көше атауы қайталанады. Сондықтан ұсынысты қолдай отырып, Рахат Амантаев атауын беруді өте дұрыс деп санаймын.
Сөйлеген: Б.Булкинов - қала тұрғыны: Көше атауы өзгеруіне байланысты үйдің құжаттарын қайта рәсімдеу қажет пе?
Жауап берген: Е.Нуралиев- қала әкімі: Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 Заңының 6-бабының 2- тармағына сәйкес Жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі мемлекеттік органдардың шешімі бойынша болған жағдайда, оның ішінде елді мекендердің атауы, көшелердің аты, сондай-ақ үйлер мен өзге де құрылыстардың реттік нөмірлері өзгерген кезде немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын реформалауға байланысты кадастрлық нөмірлер өзгерген кезде мұндай өзгерістерді тіркеу құқық иеленушіге жүктеле алмайды және өтеусіз жүзеге асырылады.
Сөйлеген: Е.Нуралиев - қала әкімі: «Әкімшілік- аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығына сәйкес Шу қаласындағы атауы қайталанатын Құрманғазы көшесін Рахат Амантаев көшесі деп қайта атау бойынша тиісті халықтың пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа саламыз.
Қарсы -0,
Қалыс- 0,
Қолдағандар саны- 25 адам.
Қала әкімі ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Құрманғазы көшесін Рахат Амантаев көшесі деп қайта атау беру туралы ұсынысын көше тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық мүшелерінің көпшілік дауысымен қолдау тапқандығын жариялады.
ЖИНАЛЫС ШЕШІМІ:
Жиналыс төрағасы Е.Нуралиев
Жиналыс хатшысы Г.Кокпанбаева