
Бүгін Шу ауданына «Заң және тәртіп» профилактикалық керуені келіп, тұрғындармен мазмұнды кездесу өткізді. Құқық қорғау органдарының мамандары, заңгерлер мен психологтар аудан халқына маңызды кеңестер беріп, өзекті сұрақтарға жауап берді.
Бұл керуен – қылмыстың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамдағы қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған тиімді бастама. Шу тұрғындары үшін мұндай ашық диалог алаңының пайдасы мол болды.
Қоғам қауіпсіздігі – бәрімізге ортақ жауапкершілік.