Құрметті журналистер, блогерлер, журналистика факультетінің студенттері!

Құрметті журналистер, блогерлер,  журналистика факультетінің студенттері!

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты Қаржы журналистикасы мектебіне қатысуға шақырады. Іс-шара бірнеше жылдан кейін алғаш рет офлайн форматта Алматы қаласында өтеді: 20 қарашада – орыс тілінде, 21 қарашада – қазақ тілінде, сағат 10:00–12:30 аралығында. Сонымен қатар онлайн қатысу мүмкіндігі де ұсынылады.

Қор сарапшылары әлемдегі зейнетақы жүйелерінің негізгі ұғымдары мен түрлері, демографиялық трендтердің зейнетақымен қамсыздандыруға әсері, Қазақстандағы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі, зейнетақы жинақтарын төлеу және олардың салық салынуы туралы айтады. Семинар барысында сіздер ҚР Ұлттық Банкінің зейнетақы активтерін басқару мәселелерімен, атап айтқанда, зейнетақы активтерінің қайда және қалай инвестицияланатынымен танысасыздар.

Сондай-ақ БЖЗҚ мамандары зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру, инвестициялық портфельді басқарушыны дұрыс таңдау, ақпаратты қайдан табу және оны қалай оқу керектігі, сондай-ақ күтілетін өзгерістер мен инвестициялық мүмкіндіктердің кеңеюі туралы егжей-тегжейлі түсіндіреді.

Сіздерге жинақтаушы зейнетақы жүйесінің кәсіби мамандарынан бастапқы дереккөздерді пайдалана отырып қызықты материалдар дайындау жайлы құнды ақпарат алу мүмкіндігі ұсынылады. Қор мамандары БЖЗҚ-ға қандай сұраулармен жүгінуге болатынын және жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпаратты Қордың сайты мен YouTube арнасынан өз бетіңізше қалай табуға болатынын түсіндіреді.

Өтетін орны:
Офлайн – Алматы қ., Самал-2 ықшамауданы, 97-үй
Онлайн – Cisco Webex вебинар платформасы

Спикерлер: БЖЗҚ және ҚР Ұлттық Банкінің сарапшылары

Өткізу уақыты:
20 қараша – орыс тілінде
21 қараша – қазақ тілінде
сағат 10:00–12:30

Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

Қатысуға өтінімді press@enpf.kz электрондық поштасына жіберу керек. Өтінімде мына ақпараттар көрсетілуі тиіс:

  • ТАӘ

  • БАҚ немесе оқу орнының атауы (студенттер үшін)

  • қатысу күні

  • қатысу форматы (офлайн/онлайн)

  • электрондық пошта мекенжайы және WhatsApp телефон нөмірі (шақыру сілтемесі мен хабарлама жіберу үшін).

Шақыру сілтемесі іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі.

Байланыс тұлғасы:
Тимиряз Есембеков,
Жұртшылықпен байланыс департаменті директорының орынбасары,
БАҚ-пен байланыс басқармасының бастығы
8 (727) 331-66-99 (ішкі 5276),
ұялы: 8 701 710 07 34


Анықтама үшін:
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «МЖЗҚ» АҚ негізінде құрылған. Қордың құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Үкіметі (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атынан). Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес, БЖЗҚ:
– міндетті зейнетақы жарналарын,
– жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын,
– міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын,
– ерікті зейнетақы жарналарын тартуды;
– сондай-ақ депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесі бойынша төленбеген өтем сомасы есебінен қалыптасатын ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуды қамтамасыз етеді.

Қор зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады, сонымен қатар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында мақсатты активтер мен талаптарды, мақсатты жинақтарды есепке алу және оларды алушыларға аудару жұмыстарын жүргізеді. (Толығырақ www.enpf.kz сайтында.)