ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Мемлекет басшысының бастамасымен кейінгі жылдары ұлттық мерекелер тізбесіне бірқатар өзгерістер енгізіліп, Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. Бұл бастама барша қазақстандықтардың зор қолдауына ие болып, Республика күні ел деңгейінде ресми түрде атап өтілетін мерекеге айналды.

Бүгін осы айтулы мерекеге орай Шу ауданында салтанатты жиын өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар марапатталды. Табысты еңбегімен ерекшеленген тұрғындарға “Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісі табыс етілді.

Салтанатты шара аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласып, көтеріңкі көңіл-күй мен рухани қуаныш сыйлады.

Республика күні – ел тәуелсіздігінің бастауы, мемлекет құру жолындағы тарихи қадамның символы. Бұл мереке – халқымыздың бірлігі мен елдігінің айғағы.

Барша аудан тұрғындарын ұлық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз.

Мереке құтты болсын!