Жамбыл облысының ХҚКО-ларында Конституцияның 30 жылдығына арналған акция басталды

Жамбыл облысының ХҚКО-ларында Конституцияның 30 жылдығына арналған акция басталды

   Жамбыл облысының ХҚКО-ларында Конституцияның 30 жылдығына арналған акция басталды

     «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» атты ұлттық іс-шаралар жоспары аясында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай бүкіл ел бойынша  #ATAZAN_AZAMAT_KZ республикалық челленджі бастау алды.

    Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалы аталмыш акцияға қосылып, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында маңызды құжат – жеке куәлікті алғаш рет алған азаматтарға салтанатты түрде табыстады.

    «Конституция – бұл біздің мемлекетіміздің іргетасы, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Бүгінгі іс-шара қазақстандық азамат болу – үлкен мәртебе мен жауапкершілік екенін тағы бір мәрте еске салады», – деп атап өтті Жамбыл облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» филиалы.

    Аталған іс-шара челлендждің жарқын бастамасы болып, алдағы уақытта облыстың барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жалғасын табатын болады.