БАҒАЛАУ жобаны қабылдаудың ықтимал қоғамдық-саяси, құқықтық, ақпараттық және өзге де салдарлары бойынша «Жамбыл облысы Шу ауданының кейбір ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы»

БАҒАЛАУ жобаны қабылдаудың ықтимал қоғамдық-саяси, құқықтық, ақпараттық және өзге де салдарлары бойынша «Жамбыл облысы Шу ауданының кейбір ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы»

БАҒАЛАУ
жобаны қабылдаудың ықтимал қоғамдық-саяси, құқықтық,
ақпараттық және өзге де салдарлары бойынша
«Жамбыл облысы Шу ауданының кейбір ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы»

  1. Қоғамдық-саяси салдарларды бағалау:

       Жоба әкімшілік-аумақтық шекараларды нақтылау және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді басқару үшін техникалық сипатқа ие. Бұл өзгерістер, әдетте, кең қоғамдық немесе саяси резонанс туғызбайды. Жоба Шу ауданы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсыныстары негізінде әзірленіп, заңнама талаптарына сәйкес келтірілген, бұл оның жергілікті деңгейде келісілгендігін көрсетеді. Жалпы алғанда, қоғамдық тұрақтылыққа немесе саяси жағдайға теріс әсер ету қаупі жоқ деп бағаланады.

  1. Құқықтық салдарларды бағалау:

       Жоба Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және қолданыстағы заңнамамен үйлесімді. Ауылдық округтер шекараларын нақтылау туралы өзгерістер тиісті рәсімдерді сақтай отырып енгізіледі және заң тұрғысынан орынды болып табылады. Құқықтық тәуекелдер төмен деңгейде, егер заңнамада белгіленген барлық тәртіптер мен рәсімдер толық орындалатын болса.

  1. Ақпараттық салдаларды бағалау:

          Жоба белгілі бір ауылдық округтердің тұрғындары мен жер пайдаланушылары тарапынан қызығушылық тудыруы мүмкін. Жергілікті БАҚ-та және әлеуметтік желілерде белгілі бір талқылаулар орын алуы ықтимал. Дезинформацияның алдын алу және тұрғындардың дұрыс түсінуі үшін жергілікті деңгейде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылады — ауылдық әкімдіктер арқылы, тұрғындар жиындарында, ресми интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде жариялау арқылы.

  1. Өзге де салдарларды бағалау:

       Шекараларды нақтылау — жер ресурстарын басқаруды оңтайландырып, мемлекеттік жер кадастрының сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар тарапынан жедел әрекет ету және түсіндіру жұмыстары маңызды. Ұзақ мерзімді кезеңде ауылдық аумақтарды басқарудың тиімділігі артып, жер дауларының алдын алу мүмкіндігі жоғарылайды.

 

                Басшы                                                                                                           Д. Утепов

 

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің

Жамбыл облысы, Тараз қ., Абай даңғылы, 125 

    

Жамбыл облыстық  мәслихаты

Тараз қаласы, Абай  даңғылы, 125

 

 

 

 

 

 

         Тараз  қал                                                                                                         город Тараз                                                                                                               

БІРЛЕСКЕН

                                            ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 

 

 

Жамбыл облысы Шу аудананың кейбір ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы

 

 

          «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 2) тармақшасына                    сәйкес, Шу ауданы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсыныстары негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шу ауданы Қорағаты ауылдық округінің шекарасына жалпы көлемі                2900,004 гектар жайылым жер бөлігін қосу жолымен Қорағаты ауылдық округінің шекараларының жалпы көлемі 28 743,5611гектар болып осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
  2. Шу ауданы Көкқайнар ауылдық округінің шекарасына жалпы көлемі 15,0 гектар жайылымжер бөлігін  қосу жолымен Көкқайнар ауылдық округінің шекараларының жалпы көлемі 38 473,0  гектар болып осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
  3. Шу ауданы Бірлік ауылдық округінің шекарасына жалпы көлемі 2000,0 гектар жайылым жер бөлігін қосу жолымен Бірлік ауылдық округінің шекараларының жалпы көлемі 2 735,0гектар болып осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
  4. Шу ауданы Жаңа жол ауылдық округінің шекарасына жалпы көлемі 37,0 гектар жайылым жер бөлігін  қосу жолымен Жаңа жол ауылдық округінің шекараларының жалпы көлемі 23 706,0гектар болып осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
  5. Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысының және Жамбыл облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  6.  Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

        Жамбыл облысының әкімі

 

                        Е. Қарашөкеев

 

 

        Жамбыл облыстық мәслихатының

        төрағасы

 

                            А. Нұралиев

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің

2025жылғы

№  мен

Жамбыл облыстық мәслихатының

2025жылғы№

бірлескен қаулысы мен шешіміне қосымша

 

 

Шу ауданының Қорағаты, Көкқайнар, Бірлік және Жаңа Жол ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту экспликациясы

 

Жерлердің атауы

Жалпы ауданы (гектар)

                                                          оның ішінде:

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері (гектар)

оның ішінде:

Басқа жерлер (гектар)

егістік                       (гектар)

шабындық (гектар)

көп жылдық екпелер (гектар)

жайылым

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.

Қорағаты ауылдық округінің бекітілген шекарасы (шегі)

25843,5571

 

24529,4471

 

7624,35

91,0

 

75,0

16739,0971

 

1314,11

2.

Қорағаты ауылдық округінің шекарасына (шегіне) мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы жерінен қосылатын жер көлемі

2900,004

2900,004

0

0

0

2900,004

0

3.

Көкқайнар ауылдық округінің бекітілген шекарасы (шегі)

38458

28086

6057

325

 

21704

10372

4.

Көкқайнар ауылдық округінің шекарасына (шегіне)  мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы жерінен  қосылатын жер көлемі

15

15

0

0

0

15

0

5.

Бірлік ауылдық округінің шекарасы (шегі)

735,0

 

365,0

62,0

 

0

 

3,0

470,0

265,0

6.

Бірлік ауылдық округінің шекарасына (шегіне)  Далақайнар ауылдық округінің ауыл шаруашылығы жерінен қосылатын жер көлемі

2000

2000

0

0

0

2000

0

7.

Жаңа Жол ауылдық округінің шекарасы (шегі)

23669

 

16053

7398

22

20

8578

35

8.

Жаңа Жол ауылдық округінің шекарасына (шегіне) мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы жерінен қосылатын жер көлемі

37

37

0

0

0

37

0

9.

Қорағаты ауылдық округінің шекарасы (шегі) өзгертілгеннен кейінгі жер көлемі

28743,5611

27429,4511

7624,35

91,0

75,0

19639,1011

1314,11

10.

Көкқайнар ауылдық округінің шекарасы (шегі) өзгертілгеннен кейінгі жер көлемі

38473

28101

6057

325

0

21719

10372

11.

Бірлік ауылдық округінің шекарасы (шегі) өзгертілгеннен кейінгі жер көлемі

2735,0

2365,0

0

0

0

2015

0

12.

Жаңа Жол ауылдық округінің шекарасы (шегі) өзгертілгеннен кейінгі жер көлемі

23706

16090

7398

22

20

8615

35