Қазақстан темір жолы саласының аңызы – Қалтай Сәмбетов!

Қазақстан темір жолы саласының аңызы – Қалтай Сәмбетов!

1939 жылы 13 мамырда Жамбыл облысы, Шу ауданында дүниеге келген Қалтай Сәмбетұлы өмірінің 66 жылын теміржол саласына арнады.

🎓 Ташкент теміржол көлігі инженерлері институтын бітірген. Еңбек жолын Аягөз байланыс дистанциясында монтер болып бастап, аға инженер, бас инженер, дистанция бастығы, республикалық деңгейдегі басшылық қызметтерге дейін көтерілді.

🔹 1970–1995 жылдары Қазақ темір жолы мен Алма-Аты темір жолы басқармаларында басшылық қызметтер атқарды.
🔹 1995 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» кәсіпорнында түрлі жетекші лауазымдарда болды, соның ішінде бірінші вице-президент, басқарушы директор сынды жоғары қызметтер бар.
🔹 2009 жылға дейін қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі басқарушы директор болып еңбек етті.

📌 Ұзақ жылдық еңбегі үшін Қалтай Сәмбетовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді – бұл марапат көлік саласы қызметкеріне алғаш рет табысталды!

#Жұмысшымамандықтаржылы
#Годрабочихпрофесии
#Еңбекадамы
#Человектруда
#Жамбылоблысы
#Жамбылскаяобласть