9- шілде Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні

9- шілде Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні

Су шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Бүгін Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай аудан әкімінің орынбасары Серікхан Пернеш саланың ардагерлері мен үздік мамандарын арнайы марапаттап, құттықтауын жеткізді.

 Өз сөзінде ол су — өмірдің қайнар көзі екенін атап өтіп, осы маңызды салада еңбек етіп жүрген мамандардың қоғамдағы рөлі зор екенін ерекше айтты.

Шара барысында сала мамандарына Құрмет грамоталары табысталды. Бұл — олардың адал еңбегі мен кәсіби шеберлігіне берілген лайықты баға.

 Құрметті су шаруашылығы қызметкерлері, еңбектеріңіз жана берсін! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен мол табыс тілейміз!