Сағынышқа толы сырлы кеш өтті…
Шу аудандық мәдениет үйінде қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, сазгер, композитор, ауданымыздың ардақты перзенті Әбдімомын Желдібаевтың өмірден өткеніне 1 жыл толуына арналған «Саз серісі – Әбдімомын» атты еске алу кеші өтті.
Бұл тағылымды шара — Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен,
Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының қатысуымен ұйымдастырылды.
🎼 Кеш барысында Әбдімомын ағамыздың жүрекке сіңген күйлері шырқалып, көрермендердің жан дүниесін тербеді. Оның «Ерке Сылқымындай» сазды мұралары – халқымыздың рухани байлығы екені тағы да айқындалды.
📖 Сонымен қатар, еске алу кеші аясында «Әбдімомын әлемі» атты естелік-кітаптың тұсаукесері өтті.
Бұл рухани еңбек – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ардагер журналист Ахметжан Қосақовтың қаламынан туған. Кітапта күйші-композитордың өмір жолы, өнердегі өрнегі, елге сіңірген еңбегі көркем тілмен өріліп берілген.
✨ Еліне еңбегі сіңген тұлғасын ұлықтаған кеш – жиналған жұрттың жүрегін тебірентіп, көпшілікке рухани азық, терең ой қалдырды.
Әбдімомын ағаның жарқын бейнесі, сазды мұрасы – мәңгі ел есінде.