🎓 77 ТҮЛЕК – “АЛТЫН БЕЛГІ” ИЕГЕРІ!
📚 Биыл Шу ауданы бойынша 1236 түлек алтын ұя мектебімен қоштасты. Соның ішінде 77 озат оқушы білім бәйгесінде озып шығып, “Алтын белгі” иегері атанды! Бұл — ауданымыздың білім сапасының жоғары деңгейін айғақтайтын үлкен жетістік.
🥇 “Алтын белгі” – үздік білім мен табандылықтың белгісі. Ауданымыз бұл көрсеткіш бойынша облыс көлемінде алдыңғы қатардан көрініп отыр. Бұл — шәкірттің талпынысы мен ұстаздың ерен еңбегінің, ата-ананың қолдауы мен аудан халқының үмітінің жемісі!
✨ Бүгін үздік оқушылармен, олардың ата-аналарымен және ұстаздармен салтанатты кездесу өтті. Шара барысында “Алтын белгі” төсбелгілері табысталып, ерекше ықылас пен ризашылық білдірілді.
🎉 Барлық түлектерді жүрекжарды құттықтай отырып, алда күтіп тұрған өмір жолында сәттілік, биік белестер мен жарқын болашақ тілейміз!