АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ

Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара!

Бүгін аудандық мәдениет үйінде ақ халатты абзал жандарға арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Салтанатты кешке аудан әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлы, аудандық мәслихат депутаты Мақсат Сұлтанғазиев, сондай-ақ "АMANAT" партиясының төрағасы Болатхан Кемелбайұлы арнайы қатысып, медицина саласының ардақты қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. 

Марапаттау рәсімінде өз ісіне адал, жан-тәнімен еңбек етіп жүрген бірқатар мамандар лайықты бағаланып, алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табысталды. 

Бұл – адам жанының арашашысы болып жүрген дәрігерлер мен медицина саласы қызметкерлерінің еңбегі ешқашан ескерусіз қалмайтынын көрсететін тамаша кеш болды. 

Барша ақ халатты абзал жандарға зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасы амандығын тілейміз!