📢 “Жер-2025” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті 🚨
2025 жылдың 11-16 маусымы аралығында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасына сәйкес «Жер-2025» республикалық оқу-жаттығуы аясында төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету шаралары пысықталды. Аудан әкімінің орынбасары Найманхан Абдрашев іс-шарада төрағалық етті.
📍 Іс-шараға өңір бойынша 13 мекеме жұмылдырылып, 30-дан аса арнайы техника қатыстырылды.
👷♂️ Жеке құрам мен техниканың дайындығы тексеріліп, жергілікті атқарушы органдар, әскери бөлімдер және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл үйлестірілді.
✅ Жаттығу барысында:
•командалық-штабтық әрекет ету алгоритмі пысықталды;
•азаматтық қорғаныс құрылымдарының дайындығы тексерілді;
•ықтимал төтенше жағдайларға жедел әрекет ету бойынша оқу-жаттығу шаралары атқарылды.
🎯 Мұндай оқу-жаттығулар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында өткізіледі