🔹Биыл “Шу өңірі - Шуская долина” газетінің жарық көргеніне 90 жыл толып отыр. Осыған орай ауданда салтанатты жиын өтті.
🔹Аудандық мәдениет үйінде өткен іс-шараға облыс әкімінің кеңесшісі, Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Хамит Есаман, “Salyq tartibi”газетінің бас редакторы Ғалым Қасабай, ардагер журналисттер Қуаныш Иембердиев пен Көсемәлі Сәттібайұлы, “Egemen Kazagstan” газетінің облыстағы меншікті тілшісі Табиғат Абайлдаев, “Jambyl TV” облыстық телерадиоарнасының директоры Гүлбаршын Құланбаева, “Tekturmas” республикалық журналының бас редакторы Маржан Рақай және өзге де жамбылдық қаламгерлер қатысты.
🔹Салтанатты жиын жергілікті халық театрының “Ұлттың ұлы көсемі - Ахмет Байтұрсынов” атты сахналық қойылымымен басталды.
🔹Бұдан кейін облыс әкімінің кеңесші Хамит Ерболатұлы сөз алып, бір дәуірдің шежіресіне айналған басылымды мерейтойымен құттықтады. Ол өз сөзінде аймақ басшысы Ербол Қарашөкеевтің жүрекжарды лебізін жеткізіп, құттықтау хатын оқып берді. Мұнан соң Парламент Сенатының депутаты Сәкен Арубаев жазған хатты “Шу өңірі - Шуская долина” бас редакторы Ерғали Қартайғанға табыстады.
🔹Сонымен қатар бұл кеште “Шуақты Шу өңірім - құт мекенім” атты байқауда жеңімпаз атанған Ахметжан Қосақов (Үздік мақала) пен Тампылбай Молдақұлов (Үздік ақын) түрлі номинация иегері атанды. Бұдан өзге бірқатар азаматтарға “Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісі, Құрмет грамотасы мен Алғыс хат табыс етілді.
🔹Салтанатты шарада басылымның мерейтойына орай жамбылдық журналистер арасында тастаяқтан өткен турнирдің жеңімпаздары да марапатталды.
🔹Атап өтейік, жуырда аудан әкімдігінің тікелей қолдауымен балалар жазушысы Әлдихан Қалдыбаев пен балалар ақыны Бақыт Исаеваның ғибратты ғұмыр жолынан сыр шертетін қос кітап жарық көрген болатын. Жиында дәл осы туындылардың тұсауы кесіліп, оқырман қауымға жол тартты.