Заң бар жерде – тәртіп бар
Бүгін Шу ауданында “Заң және тәртіп” тақырыбында жастармен кездесу өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлы, облыстық полиция және әділет департаменттерінің басшылары қатысты.
Кездесу барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметті қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Аудан бойынша қылмыс деңгейі 9,1 пайызға төмендегені атап өтілді.
Жастар ресурстық орталығының жетекшілері аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құқықтық жобалар мен түсіндіру жұмыстары туралы баяндады.
Облыс әкімінің орынбасары: “Құқықтық мәдениеті қалыптасқан ұрпақ – болашақтың кепілі” деп атап өтті.
Бұл жиын – әділетті қоғам қалыптастыру жолындағы ортақ жауапкершілігіміздің нақты көрінісі