БАЙҚАУ

БАЙҚАУ

Шу ауданының құрылғанына 95 жыл, аудандық «Шу өңірі» газетінің жарыққа шыққанына 90 жыл толуына орай «ШУАҚТЫ ШУ ӨҢІРІМ - ШЕЖІРЕЛІ ҚҰТ МЕКЕНІМ» атты мақалалар байқауы және ақындар мүшайрасын өткізу туралы

Е Р Е Ж Е

 

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1.1. Шу ауданының құрылғанына 95 жыл, аудандық “Шу өңірі” газетінің жарыққа шыққанына 90 жыл толуына орай «ШУАҚТЫ ШУ ӨҢІРІМ - ШЕЖІРЕЛІ ҚҰТ МЕКЕНІМ» атты мақалалар байқауы және ақындар мүшайрасын өткізу туралы Ереже байқауды ұйымдастыру, жеңімпаздарды таңдау және Ұйымдастыру комитеті мен Байқау комиссиясы жұмысының тәртібін реттейді.

1.2. Байқау Шу ауданының тарихын, «Шу өңірі» газетінің тарихы мен қызметін, онда қызмет еткен қалам иелерінің жетістіктері мен табысты еңбектерін көпшілікке тарату және насихаттау; қазақ еліне, ұлтына, оның тарихы мен руханиятына олжа салған тұлғалардың мерейтойы аясында олардың өмір жолы мен шығармашылығын, қызметі мен қоғамның дамуына қосқан баға жетпес үлесін өскелең ұрпаққа дәріптеу; даталы күндердің ел тарихында алатын орнын айшықтау мен насихаттау мақсатында өтеді.

1.3. Байқауды ұйымдастырушы – “Шу аудандық баспасы” ЖШС  редакциясы және аудандық Жастар ресурстық орталығы. Байқау барысы мен оның сараптамалық қорытындысын аудандық «Шу өңірі» газетінің Байқау комиссиясы шығарады.

1.4. Байқау аясында хабарландыру мен өзге де ресми ақпараттарды жариялайтын ресми құрал – “Шу өңірі” газеті мен Шу ауданы әкімдігінің интернет-ресурстары.

 

  1. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН

МІНДЕТТЕРІ:

2.1. Байқаудың мақсаты – Шу ауданының құрылғанына 95 жыл, «Шу өңірі» газетінің жарыққа шыққанына 90 жыл аясында объективті материал жариялаған байқау мүшелерін анықтау және марапаттау.

2.2. Байқаудың міндеттері:

-басылым бетінде Шу өңірі тарихының аудан мен оның барша тұрғындары үшін маңызын, мемлекеттің қоғамдық-саяси, экономикалық өміріндегі рөлі мен орнын айшықтайтын тақырыптарды жариялау;

-«Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында қоғамда еңбек адамына деген құрметті дәріптеу, олардың беделін көтеру, жұмысшы мамандықтарын насихаттау және жастардың қызығушылығын арттыру;

-«Шу өңірі» газетінің қоғамда әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға қосқан қызметінен хабар беретін нақты деректер мен мәліметтерге негізделген жұмыстарын насихаттау;

-қазіргі Шу ауданының және «Шу өңірі» газетінің түйінді мәселелерін көтеріп, оған қоғам назарын аудару.

 

  1. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН

ШАРТТАРЫ:

Байқауға қолына қалам ұстаған, шығармашылыққа бейім азаматтар қатыса алады.

Байқау екі номинация бойынша өткізіледі:

  1. «Үздік мақала»;
  2. «Үздік ақын».

«Тарих пен тұлға - туған жер төрінде» - Шу ауданының құрылуына байланысты тың деректерді, ауданның дамуына атсалысқан көрнекті тұлғаларды дәріптеу мен құрметтеу, әлеуметтік қорғауға қатысты мақалалар мен арнау өлеңдер;

Шу ауданының және «Шу өңірі» газетінің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан айтулы тұлғалардың еңбегі мен ерлігін жан-жақты қырынан көркем бейнелейтін мақалалар мен арнау өлеңдер;

Шу ауданы мен «Шу өңірі» газетінің тарихын білетін тұлғалармен сұхбаттасу арқылы публицистикалық жанрда мақала және сұрақ-жауап ретінде поэзиялық ойтолғау жазу.

Материалдар бұрын еш жерде жарияланбаған және көшіріп алынбаған болуы тиіс. Байқау жұмыстары түрлі жанрлар мен форматтарда қабылданады: очерк, сұхбат, мақала, әлеуметтік зерттеулер, поэзиялық жанр, толғау, арнау және басқалары. Байқауға түскен жұмыстарды бағалауда тақырыпқа, байқау талаптарына сай келмейтін және белгіленген мерзімнен кешігіп түскен жұмыстар қаралымға жіберілмейді.

 

  1. БАЙҚАУ ЖҰМЫСТАРЫН РӘСІМДЕУ МЕН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

Байқауға қатысу үшін осы Ереженің №1 қосымшасына сәйкес өтінімді толтырып, материалды «Шу өңірі» газетінің shuskaya_dolina@mail.ru электронды поштасына «Байқауға» деген белгімен жолдау қажет немесе мекенжайы: Төле би ауылы, Төле би көшесі №264 үйде орналасқан редакцияға жолдауға болады.

4.1. Байқауға өтінім хабарландыру жарияланған күннен бастап қабылданады.

4.2. Байқау жұмыстары келесі түрде ұсынылады:

- материалдар Microsoft Word форматында беріледі. Материалдармен қоса автордың және тақырып аясындағы сапалы фотосуреттер жолдануы тиіс. PDF форматындағы материалдар қабылданбайды.

 

  1. БАЙҚАУҒА ҰСЫНЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ:

5.1. Байқау жұмыстарын бағалауда материалдың кәсіптік деңгейі, жаңашылдығы, эксклюзивтілігі, стиль, мазмұндау тілі, авторлық тұжырымдаманың дербестігі, ақпараттың нақтылығы мен растығы ескерілетін болады.

5.2. Материалдың байқау тақырыбына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі, автордың материал беру ерекшелігі, материалдың жаңалығы мен өзектілігі, объективтілігі мен шынайылығы, оның қоғамдық маңызы ескерілетін болады.

5.3. Материалдың авторлық құқықтары-ның сақталуына байқауға қатысушы жауапты болады. Байқауға қатыса отырып, автор байқаудың Ұйымдастыру комитетіне жіберілген материалды коммерциялық емес мақсаттарда (интернетте, баспа басылымдарында, әлеуметтік желілерде орналастыру) пайдалануға автоматты түрде құқық береді.

 

  1. БАЙҚАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН

 ШЫҒАРУ МЕН ЖҮЛДЕ ҚОРЫ:

6.1. Ұйымдастыру комитеті:

-байқауды өткізудің жариялығын қамтамасыз етуге;

-байқау туралы Ереженің талаптарына сәйкес келмейтін автордың материалдарын қабылдамауға;

-қатысушылардың барлығына бірдей жағдай жасауға;

-байқау қорытындысы туралы мәліметтердің алдын ала жариялануына жол бермеуге міндетті.

6.2. Атқару комитетімен құрылған Байқау комиссиясы әділдік, материалды берудегі шеберлік, стиль мен баяндау тілі, ақпараттың нақтылығы мен дұрыстығы, эксклюзивтілікті басшылыққа ала отырып жеңімпаздарды анықтайтын болады.

6.3. Байқауға қатысу туралы өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі – 13 маусым 2025 жыл. Байқау қорытындысы 16 маусым күні өтетін «Шу өңірі» газетінің 90 жылдығына арналған салтанатты шарада жарияланады.

6.4. Байқау комиссиясының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталып, ұйымдастырушылар атынан арнайы диплом және қаржылай  сыйлықпен марапатталады. Барлық қатысушыға Алғыс хат беріледі.

6.5. Байқау жұмыстары байқау талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Байқау комиссиясы жүлделі орындарды бермеуге құқылы.

6.6. Ұйымдастырушылар қосымша арнайы сыйлық, номинация беруге құқылы.

6.7.  Ұйымдастырушылар мен Байқау комиссиясы байқау жұмыстарының қорытындысы бойынша қабылданған шешім туралы түсінік беруге міндетті емес.