Шу ауданы Жаңақоғам, Қорағаты, Өндіріс ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

2021жылдың 09 шілдесі күні Шу аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда  2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Шу ауданы Жаңақоғам, Қорағаты, Өндіріс ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары қаралды.

Жаңақоғам, Қорағаты, Өндіріс ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары  туралы Шу аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Умралиев баяндама жасады.

Ол  Жаңақоғам, Қорағаты, Өндіріс ауылдық округтері әкімдігіне 2021 жылдың 9 шілдесі сағат 18,00 ге  ұсынылған 9 кандидаттың 9-ы тіркелгендігін  хабарлады. 

Тіркелген 9 кандидаттың барлығы ер азаматтар.

Мамандықтары бойынша: 4 –уі инженер, 1-уі жергілікті мемлекеттік басқару маманы, 2-жер кадастрі, 1-заңгер, 1-информатика маманы..

Ұсынылған кандидаттың  3-уі  коммерциялық құрылымдар қызметкерлері; 6-уы мемлекеттік қызметкерлер.

Жаңақоғам, Қорағаты, Өндіріс ауылдық округтері әкімдігіне тіркелген кандидаттар 14 шілденің сағат 18.00 ден бастап сайлауалды үгіт жұмыстарын бастауға құқылы, ол 24 шілдені 00.00 сағатына дейін созылады.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы «Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы»  №12/202 қаулысына сәйкес кандидаттарға өз бағдарламаларымен БҰҚ шығу үшін қаржы бөлінген:  мерзімді басылымдарда және жүйелік басылымдарға екі мақала жариялауға 0,1 баспа парақтан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамамен үгіт-насихат жұмысын жүргізуге бірдей жағдай жасауға кепілдік беріледі.Сондай-ақ үгіт-насихат материалдарын шығаруға, көлік шығындарына қаржы қарастырылған.

 Отырыс соңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізіліп, комиссия мүшелері БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Дата публикации
14 июля 2021