ШУ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ № 22

ШУ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

ШЕШІМІ

 

Төле би ауылы                                            № 22                                 «_ 25 _» 06  _2021ж

 

 

Шу ауданының аудандық маңызы бар қалалардың,

 ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің

әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Шу аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ   ЕТЕДІ:

 

  1. Шу ауданында 2021 жылғы 25 шілдеге сайлау тағайындалсын:

 

- Жаңақоғам ауылдық округінің әкімі;

- Қорағаты ауылдық округінің әкімі;

- Өндіріс ауылдық округінің әкімі.

 

  1. 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Шу ауданының аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

 

  1. Осы шешім Шу аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Шу өңірі" газетінде жариялансын

 

 

Шу аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                 Е.Умралиев

 

Дата публикации
25 июня 2021