Шу ауданына қарасты Жаңа жол ауылдық округі
Жаңа жол ауылындағы Тәңірберген Тәжіұлы бұрылысының тұрғындарымен жиналысының
№1хаттамасы
Жаңа жол ауылы 02.07.2025ж
Жиналыс төрағасы: Д.Алипбаев
Жиналыс хатшысы: А.Оңалбай
Жиналысқа қатысқандар:
1) Тәңірберген Тәжіұлы бұрылысы тұрғындарының саны - 27адам.
Күн тәртібінде:
Шу ауданы Жаңа жол ауылдық округі Жаңа жол ауылындағы атауы қайталанатын Тәңірберген Тәжіұлы бұрылысын «Домалақ ана» көшесі деп қайта атау туралы.
Тындалды: Д.Алипбаев - ауылдық округ әкімі: Жалпы бүгінгі жиналысымызға Тәңірберген Тәжіұлы бұрылысының 27 тұрғыны қатысып отыр. Ауылдық округ әкімдігіне көше тұрғындарынан түскен ұсыныста Тәңірберген Тәжіұлы бұрылысын – Домалақ ана көшесі деп қайта атау қажеттігін айтылған болатын. Өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық қаулысын кұрылысы туралы» Заңы 14-1-бабының 1-тармағын және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 211 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Сіздердің пікірлеріңіз ескеріле отырып, көше атауы өзгертіледі. Осыған орай, бұрылыс тұрғындары жаңа атауға байланысты әрқайсыңыз өз ойларыңызды ортаға сала отырыңыздар.
Сөйлеген: Г.Сарсебекова - ауыл тұрғыны: Көше атауы қайталанады. Сондықтан ұсынысты қолдай отырып, Домалақ ана атауын беруді өте дұрыс деп санаймын.
Сөйлеген: Ж.Тажиев - ауыл тұрғыны: Мен өз атамның аты тұрғанын қалаймын. Сол себепті мен қарсымын.
Сөйлеген: С.Магамадов – ауыл тұрғыны: Көше атауы өзгеруіне байланысты үйдің құжаттарын қайта рәсімдеуге қажет пе?
Сөйлеген: Д.Алипбаев - ауылдық округ әкімі: Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлкеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 Заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес Жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі мемлекеттік органдардың шешімі бойынша болған жағдайда, оның ішінде елді мекендердің атауы, көшелердің аты, сондай-ақ үйлер мен өзге де құрылыстардың реттік нөмірлері өзгерген кезде немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын реформалауға байланысты кадастрлық нөмірлер өзгерген кезде мұндай өзгерістерді тіркеу құқық иеленушіге жүктеле алмайды және өтеусіз жүзеге асырылады.
Сөйлеген: Д.Алипбаев - ауыл әкімі: «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылыс туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабы 4 тармағын және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің 14.03.2018 жылғы №13-01-19/621-И хатына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген «345 тарихи тұлғалар», «380 тарихи жер-су атаулары» және «298 дәстүрлі атаулар» тізімдері аясында басшылыққа ала отырып, жергілікті қауымдастық мүшелерінің пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа салды.
Қарсы - 6,
Қалыс - 3,
Қолдағандар саны - 18 адам.
Округ әкімі ашық дауыс беру қорытындысы Тәңірберген Тәжіұлы бұрылысын Домалақ ана көшесі деп қайта атау беру туралы ұсынысын көше тұрғындары басым көпшілігі қолдағандығы туралы жария етті.
ЖИНАЛЫСТЫҢ ШЕШІМІ:
1. Шу ауданы Жаңа жол ауылындағы атауы қайталанатын Тәңірберген Тәжіұлы бұрылысын - Домалақ ана көшесі деп қайта аталсын;
2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша ұсыныс облыстық ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.
Жиналыс төрағасы Д.Алипбаев
Жиналыс хатшысы А.Оңалбай