
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясының “Мөлдір бұлақ” науқаны өңірімізде жалғасуда. Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен Төле би ауылында орналасқан каналды тазалау жұмыстарын жүргізді. Экологиялық іс-шараға ауыл тұрғындары, еріктілер мен белсенді жастар қатысып, бұлақтарды қоқыстардан тазартты. Акцияға 50-ден астам адам белсенділік танытып, туған өлкенің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.