Болашақ сарбаздардың ата-аналарымен кездесу

Болашақ сарбаздардың ата-аналарымен кездесу

Қала әкімі Елдос Нуралиев және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Жандос Серікұлы әскерге шақырушылардың ата-аналарымен кездесу өткізді. Онда әскери өмірдің қыр-сырлары түсіндіріліп, ата-аналардың сауалдарына жауап берілді.  Ата-аналарды болашақ сарбаздарға әскерде қандай жағдай жасалғаны, әлімжеттік, күш көрсету жағдайларының бар-жоғы толғандырды. Көпшілікті алаңдатқан осы сұрақтар кездесуде жан-жақты талқыланып,әскерге барудың артықшылықтары мен көрсетілетін қызметтер туралы нақты жауаптар берілді.