Қазақстан Республикасында сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды беру тәртібі арнайы қағидалармен реттеледі.

Қазақстан Республикасында сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды беру тәртібі арнайы қағидалармен реттеледі.

Аталған мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішті «Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы немесе қызмет көрсетушінің кеңсесі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы беруге болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері екі кезеңнен тұрады:

1-кезең:
Сұралған жер учаскесін аумақтарға бөлуге сәйкес, оның нысаналы мақсатына сай пайдаланылу мүмкіндігін анықтау,
жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, құрылыс үшін жер сұралған жағдайда),
жер комиссиясының қорытындысын дайындау –
12 (он екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

2-кезең:
Жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау,
және сатып алу-сату шарты немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты жасасу –
бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындалады.

Қызмет көрсету түрі:
• Электрондық (ішінара автоматтандырылған)
• Қағаз түрінде

Қызмет көрсету нәтижесі:
• Жер учаскесіне құқық беру туралы шешім,
• Сатып алу-сату шарты немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты,
• не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

Егер қызмет алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және мерекелер туралы заңына сәйкес, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс немесе мереке күндері жүгінсе,
өтініш келесі жұмыс күні қабылданады және қаралады.