Құрметті ауыл тұрғындары!
🚨🚨🚨🚨🚨🚨🚨🚨🚨🚨
Шоқпар ауылдық округі әкімшілігі темір жол бойында қараусыз жүрген үй малдарына қатысты алаңдаушылық білдіреді.
Қазіргі уақытта Шоқпар темір жолы аумағында бақылаусыз жүрген ірі қара және ұсақ малдар көлік қозғалысына қауіп төндіруде.
Осыған байланысты барлық мал иелерінен үй жануарларын қараусыз жібермеуді, малды арнайы қоршалған жерде ұстауды, сондай-ақ темір жол маңында бағуға жол бермеуді сұраймыз. Бұл — өзіңіздің де, өзгенің де өміріне жауапкершілікпен қарау.
Мал иесі анықталған жағдайда, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз.
Ұқыпты қарап, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!
Шоқпар ауылдық округі әкімшілігі🚨🚨🚨