КҮМІС АЛҚАМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Қорағаты ауылдық округінің әкімі Диханбаев Әділ Асқарханұлы Қазақстан Республикасының Президентінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы №406257 жарлығы бойынша ауылымыздың тұрғыны көпбалалы ана Оразалиева Жұлдыз Каналбаевнаға "Күміс алқа” наградасын табыстады. Еліміздің демографиялық дамуына елеулі үлес қосып жүрген көпбалалы отбасылардың қоғамдағы рөлі қашан да ерекше. Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен аяулы аналарымыз аман болсын!